• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2016

Қызылорда облысында мал ұрылары ұсталды

305 рет
көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 26 қаңтар. Қызылорда облысында мал ұрылары ұсталды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. 24 қаңтарында сағат 23.45 шамасында рейдтік жұмыстар барысында Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Айдарлы және Амангелді ауылдарының арасында өтетін тас жол бойында күмән тудырарлық ГАЗ 3302-288 маркалы автокөлігін тоқтатады. Тәртіп сақшылары автокөлікті қараған кезде көліктің жүк салғышынан 1 бас сиыр малы мен баспақ анықталады. Тексеру жұмыстары кезінде аталған малдар «Қарақұм» жер учаскесінде жайылып жүрген жерінен қолды болғандығы белгілі болды. Аталған дерек бойынша, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Мал ұрлығы қылмысына күдікті ретінде ұсталған 23 және 25 жастағы аудан тұрғындары Сырдария АІІБ-нің Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Олардың басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында тиісті жұмыстар жасалуда. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: egemen.kz
Соңғы жаңалықтар