• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2016

Шымкентте «Қазақ елі» анимациялық фильмі түсірілді

296 рет
көрсетілді

ШЫМКЕНТ. 26 қаңтар. Шымкентте көптеген жақсы мультфильмдердің тұсауын кескен «Сақ» киностудиясы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына тарту ретінде қолға алған «Қазақ елі» толықметражды анимациялық фильмін аяқтады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабаралды. Ересектер ел тарихын біледі десек те, балғындарға қазақ елінің тарихын таныту, Отанына деген сүйіспеншілікті жүректеріне орнықтыру үшін патриоттық фильмдер көп керек. Қазақ ордасының туын көтеріп шыққан Керей мен Жәнібектің балалық шағынан бастап өрілетін тарихи кезең Сауран, Отырар, Сығанақ сияқты қазақ шаһарларындағы өмірмен қамтылған. Алты бөлім, жетпіс бес минуттық фильмге шетелдіктер де қызығушылық танытуда. Қазір «Қазақ елі» мультфильмі орыс, ағылшын және неміс тілдеріне аударылып жатыр. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz
Соңғы жаңалықтар