• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2016

Оңтүстікте туристік нысандар көбейеді

372 рет
көрсетілді

ШЫМКЕНТ. 26 қаңтар. Биылдан бастап «Сайрам-Өгем» паркінің Машат шатқалында 4,4 гектар, Иіржол шатқалынан 1,5 гектарға туристік кешен құрылыстары салынады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Сондай-ақ, «Түркістан-Сырдария» табиғи паркінің Сырдария филиалындағы Байырқұм және Тақыркөл орман шаруашылығынан туристік мақсатқа жер бөлінеді. Бос жатқан жер жоқ. Сондықтан, ақпан айында екі табиғи парктен ұзақ мерзімді пайдалану үшін мемлекеттік сатып алу өткізілді. Бүгінге дейін «Сайрам-Өгем» МҰТП-нің 9,5 мың гектардан астам аумағын құрайтын 218 жер учаскесі ұзақ мерзімді пайдалануға, 217 гектардан астам аумақты алатын 114 жер телімі қысқа мерзімді пайдалануға берілген. Жалпы айтсақ, «Сайрам-Өгем» табиғи паркі асқақтаған тау, бұрқыраған бұлақ, жасыл құрағымен белгілі болса, «Сырдария-Түркістан» өңірлік паркі тораңғы, бадам орманымен, балығы тайдай тулаған Сырдариясымен аты шыққан. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz