• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2016

Алматыда «Нан өнімдері-2016» халықаралық форумы өтуде

279 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 26 қаңтар. Алматыда ІІ Орта Азиялық «Нан өнімдері-2016» халықаралық форумы өтуде. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жоба осы аймақта өңіраралық ынтымақтастықты дамытатын  бірден-бір шара болып табылады. Ол азық-түлік өнімдерін, тамақ өнеркәсібіне және өнім өңдеуге қажет технологиялар мен жабдықтарды көпшілікке кеңінен таныстыратын, қоғамдық тамақтандыру саласына заманауи әдістерді тиімді қолданудың, тауар өндірушілер мен оларды тұтынушылар арасында екі жаққа да пайдалы коммуникацияны қалыптастыру  алаңы болып табылады. «Дағдарыс жағдайында Орта Азияда нан-бөлке  және кондитер өнімдерін өндіруді дамыту» атты биылғы форум аясында нан-бөлке және кондитер өнімдерін өндіруді модернизациялау мен компанияның өндірістік қуатын арттыруда шетелдік инвесторларды тарту, жаңа жұмыс орындарын  ашу, өнім сапасын арттыру, мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдаудың арқасында кіші және орта бизнесті дамыту, ірі кәспорындарды модернизациялау мәселелерін талқылау көзделген. Сол сияқты халықаралық жиында өндіріс шығындары мен нан өнімдерінің өзіндік құнын азайту жолдары, әлеуметтік нанның құнын  өсірмеу шаралары іздестірілуде. Екі күнге созылатын форумға Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь және Еуроодаққа мүше елдерден 200-ге тарта кәсіпорын қатысады деп күтілуде. Форумда Қазақстанның тамақ өнеркәсібі саласындағы кіші және орта бизнеске қолдау көрсетіп, жаңа технологияларды кеңінен енгізу, өнім сапасын  арттыру,  ең бастысы қазақстандық бренд бойынша  өнім шығару мәселелері қарастырылмақ. Айнаш Есали. Дерек: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Сурет: egemen.kz.