• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2016

АҚШ-тың әйгілі ғалымы қайтыс болды

462 рет
көрсетілді

АСТАНА. 26 қаңтар. АҚШ-та жасанды интеллект саласындағы зерттеулердің негізін қалаған ғалым Марвин Минский 88 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Массачусет технологиялық институтының ресми сайтындағы хабарламада, ол 24 қаңтар күні Бостонда инсульт салдарынан қайтыс болғаны туралы айтылды. «Марвин Минский мидың жұмысын машина ретінде қарастырды, сөйтіп қызметі зерттеліп компьютер арқылы жаңғыртылды. Бұл өз кезегінде адам миының жұмысын жақын тануға мүмкіндік береді» - делінген. 1951 жылы профессор Минский Snarc атағына ие болған, нейрожелімен кездейсоқ жалғасқан оқытушы машинаны алғаш рет ойлап тапты. 1959 жылы Массачусет технологиялық институтындағы жасанды интеллект лабороториясының негізін қалаушылардың бірі болды. 1970 жылы информатика саласындағы айтулы Тьюринг сыйлығының иегері атанды. Ғалымның ғылымдағы ізденістерінің аясы жасанды интеллектімен шектелген жоқ, сонымен қатар әлемде алғаш рет бейнелі сканерді және жанасу тетігі бар механикалық манипуляторларды дайындап жасап шыққандардың бірі еді. Осы айтылғандарға қосымша Минский музыкамен айналысып, пианиноны да меңгерген. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: ТАСС.
Соңғы жаңалықтар