• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2016

Көрмеге қатысты көп жұмыс күтіп тұр

323 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» ұлт­тық ком­паниясы» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есі­мов­ті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. А.Есімов кездесу барысында Мемлекет басшысына Астанада өтетін халықаралық көрмеге дай­ын­дық барысы туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу ая­сында таяу жылдары алда ауқым­ды жұмыстар тұрғанына тоқтал­ды. Атап айтқанда, көрмеге қаты­су­шылардың түпкілікті құрамын анықтап, Қазақстанның павильоны мен өзге елдердің нысандарын мазмұндық тұрғыдан толықтыру қажет. Сондай-ақ, іс-шараны өткізуге және қонақтар қабылдауға елорда инфрақұрылымының әзірлігін қамтамасыз ету керек. Өзге де маңызды міндеттер қа­тарында сапалы мәдени бағдарлама әзірлеу, еріктілерді тарту, сонымен бірге, көрме аумағын кейіннен ха­лықаралық қаржы орталығы ретінде пайдалану мәселелері бар. А.Есімовтің айтуынша, бүгінге дейін 70 шет мемлекет көрмеге қаты­сатынын растаған, соның 35-і – дамыған елдер. Көрмеге ірі транс­ұлттық компаниялар да қызы­ғу­шылық танытуда. Жалпы, Тіркеу досьесі бойынша жоспарланған 100 елдің қатысу көрсеткішіне қол жеткізіледі деп болжанып отыр. Сондай-ақ, Мемлекет басшы­сы­ның тапсырмасына орай, ұлт­тық компания көрмені өткізу шы­ғыстарын нысандар функционалын сақтай отырып, тағы 53 миллиард теңгеге қысқартты. Осылайша, бұрын жасалған қысқартуларды ес­кергенде, шығыстарды оңтайлан­дыру көлемі жалпы 131 мил­лиард теңге болады. Бұған дейін топ-ме­неджерлер саны 15-тен 6-ға қыс­қарған болса, қазіргі кезеңде штат кестесін 12 пайызға оңтайландыру жоспарланған. Сонымен қатар, А.Есімов ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу ісін әрі қарай ілгерілету мақсатында Давос қаласындағы (Швейцария) Дүниежүзілік экономикалық фо­румда ақпараттық науқан жүргі­зілгенін атап өтті. Көрме өткеннен кейін бұл ау­мақта БҰҰ қолдауымен Халық­ара­лық жасыл технологияларды жә­не инвестициялық жобалар­ды да­­мыту орталығын құру көз­де­луде. Елбасының былтыр БҰҰ Бас Ас­сам­блеясы отырысында жария­ла­ған бұл ұсынысы қазірдің өзінде өзге елдер тарапынан қолдау табуда. «Астана ЭКСПО-2017» бас­қармасының төрағасы көрме нысандарын құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету ісіне 230-дан аса қазақстандық кәсіпорын тартылып, жалпы құны 77 миллиард теңгенің қызметі мен тауарын жеткізу жөнінде шарттар жасалғанына назар аударды. Соның 30 миллиард теңгесі Астанада жұмыс істейтін компанияларға тиесілі. Осылайша, ЭКСПО дағ­дарыс уақытында жаңа жұмыс орын­дарын ашып, қазіргі жұмыс орын­дарын сақтауға мүмкіндік бере­тін мемлекеттік жобалардың бірі болып отыр. А.Есімов көрме нысандарын салу жұмысы жоспарлы мерзімге сәйкес жүріп жатқанын айтты. Биыл құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланған, содан кейін көрме нысандарын мазмұндық тұрғыдан толықтыру ісі басталады. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.