• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2016

Жалпыхалықтық болашаққа сенім

288 рет
көрсетілді

Қазақ халқында жас ұрпақты, қоғам мүшелерін Отанға, халқына, елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олар­дың бойына сіңіріп, қалып­тастыру жетекші орын алады. Өйткені, Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды. Бұған шын мәнінде адамның бүкіл болмысының қатысы бар. Өзінің бүкіл халық болып, мемлекет болып құрылу тарихында талай тар жол, тайғақ кешулерді басынан кешіріп, үнемі шапқыншылардың шабуылына төтеп берумен елді, жерді қорғаудың қадірін ерте түсініп, баласын ана сүтімен бірге Отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеген. Отансүйгіштік рух – Қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік қоғамдастықтан лайықты орын алуына мүмкіндік беретін бірден-бір күш. Сондықтан да Елбасымыздың Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарындағы орындалуға тиіс Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясының жүзеге асуына барлығымыз атсалысуымыз керек деп ойлаймын. Себебі, Мәңгілік Ел идеясында болашаққа деген жалпыхалықтық сенім анық көрініс тауып отыр. Тәуелсіздіктің 25 жылға жуық уақыт ішінде Қазақстан Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында алпауыт елдердің арасынан өз орнын ойып тұрып алды. Бұл – жасампаз қазақстандық патриотизмнің негізі. Әрбір қазақстандық елім, жерім деп еңбектенсе, ортақ біртектілік пен ел бірлігіне қол жеткізуге болады. Ол үшін жергілікті жерлерде атқарылып жатқан жұмыстарда Қазақстан қоғамын дамыту арқылы Елбасы тапсырмалары орындалатынын басты назарда ұстау керек. Яғни, елге есеп беретін жергілікті атқарушы орган болуы міндеттеледі. Ұлт Жоспарында «Жергілікті өзін өзі басқару коммуналдық меншігі» институтын енгізу арқылы ауылдық округтер деңгейінде әкімшілік-аумақтық бірлікті нығайту мәселесін шешу көзделген. Ол дегеніміз – елді мекендерде жергілікті өзін өзі басқарудың дербес бюджетін енгізе, қоғамдық маңызды мәселелерді қамтитын жергілікті бюджеттердің жобалары бойынша азаматтардың ұсыныстарын қарай отырып шешім қабылдау. Реформаларды орындауда алдымен патриоттық сезімі күшті, рухани бай, елге жақын мемлекеттік қызметші қажет. Қорыта айтқанда, біздің әрқайсымыз, жалпы қазақстандықтар, Ұлт Жоспарын жүзеге асыруға атсалысуымыз керек, өйткені, ол – біздің болашағымыз. Жаңабай МУСИН, Қауылжыр ауылдық округінің әкімі. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы.
Соңғы жаңалықтар