• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2016

Бел асырар белсенділік керек

281 рет
көрсетілді

Бүгінгі таңда әлем­де қарқынды дамумен қа­тар көпте­ген қауіп төң­діретін жайт­тар да орын алуда, бір жағынан діни ала­уыздық, екінші жағынан экономикалық дағдарыс барша халық­тарды терең ойға тү­сіруде. Осындай сая­си өзгерістерге, құбы­лыстарға толы заманда Елбасының «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты бағдарламасы тығырықтан шы­ғудың айқын­далған жолы деп білеміз. Хал­қымыздың бір­лі­гін, татулығын, «бір қолдан жең, бір жағадан бас» шы­ғара бі­летін ғасырлар бойы қа­лып­тасқан даналығымызды Нұрсұлтан Әбішұлы алға тартып, қоғамымызға үлкен жауапкершілік артқаны, халқына деген зор сенімді көрсеткені сөзсіз. Әлемді шарпыған дағдарыстың, мұнай бағасының құлдырауы және Ресейге салынған санкциялардың біздің елге де тигізер кері әсерін бағамдаймыз. Әлемдік экономика дамуының 2015-2017 жылдарға арналған болжамдары көңілге демеу бола алмайды. Металл мен мұнайға әлемдік баға айтарлықтай құлдырауда. 2016 жылы әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс шырқау шегіне жетеді деген сарап­шылардың болжамы да бар. Егемендік үшін, қазақ ұлтының болашағы үшін аянбай күрескен ХХ ғасырдың көрнекті тұлғасы Ахмет Байтұрсыновтың «Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін» деген сөздері біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев­тың бүкіл болмысын, жасап жатқан іс-әрекеттерін айқын сипаттайтыны сөзсіз. Президенттің «100 нақты қа­дам» Ұлт Жоспары халықтың көкірегіне сәуле шашып, санасына ой беріп, 30 дамыған елдің қатарына енуіне байланысты стратегиялық шешімді іске асыруда серпін бергені хақ. Осы мақаланы оқып, санадан өткізген сәттен бастап зиялы қауым алдында еліміздің азаматтарының барлық әлеуметтік таптары мен топтарына, барлық жіктері мен мүшелеріне ортақ ұлттық идеологияны, яғни, «Мәңгілік Ел» ұғымының өзектілігін арттыруда жасалатын жұмыстың маңызы орасан зор екен деген ой түйдім. Өйткені, ұлы мақсатқа қол жеткізу үшін идеологиясыз ешбір нәтижеге жету мүмкін емес. Әрбір отандасымыз өзінің елдің алдындағы борышын, жауапкершілігін сезініп, отансүйгіштігін көрсете білген сәтте ғана алпауыт мемлекеттерге өзіміздің қабілеті жоғары, бәсекеге төтеп бере алатын ел екендігімізді дәлелдей аламыз. «100 нақты қадам» Ұлт Жос­пары – бұл нәтижесі жағынан елімізде ұзақ мерзімді, кешенді, жүйелі, кең көлемде ықпал ете­тін стратегиялық құжат, сон­дай-ақ, түбегейлі құры­лым­дық, институттық, жүйелік өз­ге­рістерге әкелетін реформалар кешені, жаң­ғырту жобасы. Осы жоба тарихи уақыт жағынан жас мемлекетіміздің рухы биік халқы бар екендігін, кө­реген басшысы бар дамыған мемлекеттер қатарына ене ала­тын ел екендігін дәлелдегені хақ. Халықтық сананы қалып­тас­тырып, оны дамытуда тарихтың атқаратын міндетін ешбір қоғам­дық ғылым атқара алмайды. Сая­си мәнге ие болған «Мәңгілік Ел» ұғы­мы халықты бірлікке, зиялы қауымды топтасуға, ортақ мүд­деге шақыратын символға айналғаны баршамызға мәлім. Ұрпақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруда және олардың интеллектуалды әлеуетін дамы­туда бұл атаудың атқаратын қыз­меті үлкен. Инновациялық жаңалықтармен ұштастыра отырып, болашақ мамандар қоғамның интеллектуалды элитасы болып өсуі күмәнсіз. Әр ұлттың тарихында оның бүкіл болмысын, даму жолын, түпкі мақсатын шешіп беретін және соны жүрегінен өткізген, сол адам айтқан идея қанына сіңіп кететін тұлғалар болады. Орыстар оны ұлт әкесі – «отец наций» дейді, қазақтар «ұлт көсемі» деп атайды. Біздің қазақстандық ұлт көсемі Н.Ә.Назарбаев деп білеміз. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні – мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті. Мәң­гілік Ел ұлттық идеясы дегеніміз – өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұраттарымыз! Әлемді дағдарыс қысқан сәтте Елбасының салиқалы саясатының арқасында еліміздің экономикасына жаңа инвестициялық саясат серпін беруде. Сонымен қатар, қаржы секторын тұрақтандыру бойынша іс-шараларды қолға алу, ең бастысы, әрқайсымыздың қолымыздан келетіні ұлттық валю­таға – теңгемізге деген сенім­ді арттыру. Жалпы, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары толығымен орындалуы біздің белсенді позициямызға байланысты деп ойлаймын, себебі, Елбасы Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құруды әрқашанда алға тартатыны баршамызға мәлім. Білім саласында басталған рефор­малар әрі қарай жалғасын табады, сондықтан да, дұрыс оқып, білім беру, яғни, қабілеттілігі жо­ғары маманды дайындау – өз үлесімізді қосу деп білеміз. Мықты мемле­кет құру, Мәңгілік Ел идея­сын әрқайсымыздың санамызға сіңіріп отансүйгіштікті дәріптеу, Ұлы Дала брендін әлемге паш ету өзімізге байланысты құрметті Отандастар! Нұрғали АРШАБЕКОВ, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры.