• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2016

Ынта-жігерімді қамшылады

357 рет
көрсетілді

Әр адамның алдына қойған биік мақсаттары болады. Кім де болса, оған маңдай тері, парасатты білімі мен салиқалы сабыры, шынайы сезімі арқасында ғана жете алатынын сеземін. Алайда, маған өз мақсатыма жақындаған сайын оған жету жолы қиындай түсетін сияқты көрі­нетін. Үлкен мұратқа жету жолында алда әлдеқандай кедергілер көбейсе, кідіріс жасап қаламын ба деген қорқыныштар да жоқ емес еді. Осындай үміт пен күдік тұмшалаған сауалға толы сәттерімде се­нім­ді серігіме айналып, болашаққа деген ынта-жігерімді қамшылаған қам­шыгердей болған, шыр­мауықтай ойымның шешуші кү­шіне айналып, періште кө­ңі­лімнің парасатты патшасындай көрінген Елбасының да­нышпандыққа толы Ұлт Жоспары жарқын болашақтың келісті келбетіндей, мен үшін ғұ­мырлық сабақ, өмірлік өнегеге айналды. Сондықтан болар, бү­гінде жарық жұлдыздай биік болғанымен жақын мақсаттар қол бұлғағандай көрінеді. Ол мұрат кемел білім, еңселі еңбек, тамырлы татулықпен тұтасып тұрғандай. Иә, жас ұрпақ ел болашағының алтын кілті білімде екенін мойындайды. Бұл жөнін­де көрнекті ағартушы Ш.Уәлиханов осыдан бірнеше ғасыр бұрын «Халық кемеліне келіп даму үшін екі-ақ нәрсе керек. Оның біріншісі – азаттық, екіншісі – білім», десе дәстүрлі әр Жолдауында Елбасы Н.Назарбаев «Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. За­манауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатынын түсінетін уақытқа келдік. Енді білімді қажетке, тұрмыс игілігіне жарата білуіміз керек. Ине­мен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл», дей келе терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаматтығымыздың алдаспаны екенін баса айтып келеді. Заманымыздың заңғар жазу­шы­сы М.Әуезов «Халық пен халықты, адам мен адамды теңес­тіретін білім» дегендей, заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатынын сезінер уақытқа жет­тік. Елбасының арманға бастар Ұлт Жос­пары біздерді білім қууға, шет тілдерін үй­реніп, еліне адал еңбек етуге шақырады. Сондай-ақ, жалқаулыққа салынып, оқы­мағандардың көш соңында қала­тынын ес­кертеді. Жолдау барысында түйгенім, қоғамы­мызда адал еңбекті кемел біліммен ұш­тастырғанда ғана та­бысқа қол жеткіземіз. Тақырыбы терең, мазмұны ма­­ғыналы Елбасының жаңа жағ­дайдағы жаңашыл Жолдауы жас ұрпақты білім соқпағында талмай еңбек етуге жетелейді. Құс қанатымен, адам қиялымен ба­қытты демекші, арманымды арғы­­мағына отырғызып, талабыма тұлпар болған Ел­басы мақаласы болашағыма бастау, дәс­түріме дәр­мен, пәктігіме пәрмен, тарихыма тамыр, күтер күніме қуат, ертеңіме шуақ болары сөзсіз.  Ақниет ПАЗЫЛОВА, №132 орта мектебінің 11-сынып оқушысы.  Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы.