• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2016

Келісімдер келісілген ресми сапар

287 рет
көрсетілді

Қазақстанның Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Иорданияға ресми сапармен барды. Оның шеңберінде Иордания мемлекетінің және қорғаныс ведомствосының басшыларымен ресми кездесулер өтті. Кездесуде әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық аясындағы мәселелер талқыланып, өзара іс-қимыл перспективалары белгіленді. Сапардың басты мақсаты әс­кери және әскери-техникалық ынты­мақтастық туралы Қазақстан Рес­публикасы мен Иордания Хаши­мит Корольдігінің Үкіметі ара­сында келісімге қол қою болды. Бе­кі­тілген құқықтық негіз екі ел­дің қарулы күштері мен қорға­ныс өнеркәсібі арасындағы ынты­мақ­тастықты дамытуға ықпал етеді. Сапар барысында өткен жыл­дың соңында Елбасы Астанада ашқан «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» компаниясы зауытының өні­мі – «Арлан» қазақстандық брон­далған дөңгелекті машиналарды сатып алу жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен қатар, түнгі көру аспаптарының ОПК-оп­тикалық аспаптары мен көз­деуіштер, 12,7 калибрлі НСВС оқ­ша­шарлары және олардың қол­данылуымен жауынгерлік модульдер, 3 координаталы РЛС, байланыс құралдары және тағы басқа жарақтарды жеткізу бойынша келіссөздер жүргізілді. Иордания Хашимит Ко­роль­­­дігі Қарулы күштері Штаб­­­тар бастықтары біріккен коми­­­те­тінің төрағасымен кездесуде қабылдаушы тараптың «KADEX-2016» қару-жарақ пен әс­ке­­­ри тех­никаның IV халық­ара­лық көрме­сіне қатысатыны бел­г­ілі болды. Ал халықаралық көрмеде қорға­ныс өнеркәсібі сала­­сындағы ірі жа­һандық компа­ниялардың қару-жа­ра­ғы мен тех­никасы ұсыныла­тын болады. Ша­раға әскери мақ­саттағы жетек­ші өндіруші елдердің бірқатар ресми өкілдері қатысады деп күтілуде. Жер шалғайлығы мен қашық­тығына қарамастан, екі ел арасында экономикалық, әскери-саяси ынтымақтастықты дамытуда үлкен мүмкіндіктер бар екенін айта кеткен жөн. «Егемен-ақпарат».