АСТАНА. 27 қаңтар. Үндістанда 72 жылдан бері нәр татпаған адам тұрады. Бұл туралы domfactov.com сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Прахлад Джани (Prahlad Jani) деген қария 11 жасынан бері тамақ ішпей келеді. Тіпті, ол су да ішпейді. Ол үндіше айтқанда, садху, аскет, йог. Яғни, дүниеден безіп, адамдармен қатынаспай өз бетімен өмір сүріп жатқан адам. Үнді йогы 11 жасынан бері ешкіммен араласпай үңгірлерде саяқ тұрып жатыр екен. 2003 жылы халық алдына бір көрінгенде соңғы рет әжетханаға 1940 жылы 11 жасында барғанын айтыпты. Сол кезде ол ауруханада 10 күн жатып шығыпты.
Дастан Кенжалин.
Дерек, сурет: domfactov.com