ШЫМКЕНТ. 27 қаңтар. Мақтаарал ауданында жайылымнан 18 бас малды айдап әкетіп, Шымкенттегі мал базарына апарып сатқан екі азамат ұсталды. Бұл туралы ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Екеудің бір бұрын сотты болған. Олар қылмыстарын толық мойындаған. Полицейлер екі күдіктінің бұдан бұрын да үш мал ұрлығына қатысы барын анықтады. Қазір олардың үстінен ҚР ҚК-нің 188 бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық ісі қозғалды. Ақшадай қысылса өріске тұра ұмтылатын екеу енді абақтыда отыр.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, сурет: egemen.kz