• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2016

Жоспардың іске асырылу жайы пысықталды

225 рет
көрсетілді

Кеше Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың төрағалық етуімен Комиссияның Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралардың жос­парын іске асыру барысы туралы жұмыс кеңесі өтті. Кеңесте ОСК мен аумақтық сайлау комиссияларының сайлау науқанын ұйымдастыру жөнін­дегі ағымдағы қызметі қарал­ды. Ортсайлауком мүшелері өзде­рі жетекшілік ететін мәселе­лері мен бағыттары бойынша атқар­ған жұмыстары туралы айтып берді. Сайлау науқаны бастал­ған кезеңнен бері ОСК Парла­мент Мәжілісі мен мәслихат­тар сай­лауы жөніндегі күнтізбе­лік жос­парларын және сайлау құ­жат­тарының нысандарын бекіту тура­лы, сондай-ақ, шет мемлекет­тер, ха­лықаралық ұйымдар мен шет­­ел­­дік БАҚ-тар өкілдері қыз­мет­­терінің кейбір мәселелері ту­ра­­лы қаулы қабылдағаны атап өтілді. Орталық сайлау комис­сия­сының мүшесі Татьяна Охлоп­ко­ваның айтуынша, шет мем­лекеттердің және халық­аралық ұйымдардың байқау­шы­лары Сыртқы істер министр­лігінің ұсынысымен ғана аккре­дит­теледі. «Дегенмен, қазірдің өзін­де бірқатар халықаралық ұйым еліміздің Сыртқы істер мин­истрлігіне сайлауға қатыса­тын­дық­тарын ауызша қуаттады, – деді ол осы жайында. – Олар­дың қатарында Шанхай ынты­мақ­тастық ұйымы, Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы, сон­дай-ақ, Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі бар. Бұл ұйымдар біздің сайлауға бай­қау жүргізуге ниетті екендігін білдіріп, қазіргі уақытта кандидаттарын іріктеуде». Сонымен бірге, Комиссия мүшесі Орталық сайлау комис­сиясының төрағасы 18 мем­лекеттің сайлау комиссияларының бірінші басшыларына шақыру жібергенін, ал еліміздің Сыртқы істер министрлігі 18 халықаралық ұйымға, сонымен қатар, осы ұйымдардың аясында 112 мемлекетке шақыру жібергенін атап өтті. «ҚР Сыртқы істер министрлігі бізге 98 мемлекеттің аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің тізімін берді. Тұрақты немесе уақытша аккредиттелгендігі туралы куәлігі бар олар қазірден бастап сайлауға байқау жүргізуге кірісе алады», – деді Т.Охлопкова. Ал Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоостың хабардар етуінше, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары сайлауларының электоралды үдерісіне ешқандай шағым түспеген. «Қазірге қандайда бір мәселеге байланысты шағым түсе қойған жоқ. Дегенмен, Орталық сайлау комиссиясына хаттар түсуде. Бірақ, олар электоралды үдеріске қатысты емес. Олар негізінен әлеуметтік, тұрмыстық қиыншылықтарды қамтиды. Бұл барлық электоралды науқанда орын алатын әдеттегі құбылыс сияқты», – деді ол. Орталық сайлау комис­сия­сының мүшесі Ләззат Сүлеймен өзіне жүктелген мәселелерді айта келіп, соған қатысты қолға алынған іс-шараларға тоқталып өтті. «Көрнекі ақпарат ретінде 757 билбордты орналастыру жө­нінде ОСК төрағасының шеші­мі шыққан болатын. Оның бірін­ші кезеңін Астана мен Ал­маты, сонымен қатар, облыс орта­лықтарында орналастыруды аяқтап қалдық. Ондағы ақпа­раттар сайлаушыларға сайлаудың қай күні өтетіндігінен мәлімет бере­ді. Бұл билбордтар «Сайлауда өз таң­дауыңды жаса!» деген ұран­мен дайындалған. Жұмыстар алдағы күндері де жалғасын табады», – деді Л.Сүлеймен. ОСК төрағасы Қ.Тұрғанқұлов Л.Сүлейменнен аталған билборд­тардың қашан толығымен ілініп болатынын сұраған еді. «Бұл бағытта біз жұмыс істеп жатырмыз. Бұл жұмыстарды 2-3 күннің ішінде толығымен аяқтаймыз», – деп жауап берді. Кеңес барысында қызметтің негізгі және шұғыл міндеттері мен бағыттары анықталғаннан кейін ұйымдастыру жұмысының басым бөлігі тікелей өңірлерге ауысатыны атап өтілді. Қазіргі уақыт­та барлық өңірлерде сайлау учаскелерінің шекара­лары мен учаскелік сайлау комис­сия­ларының құрамы туралы ха­барларды жариялау аяқтал­ған. Ал округтік сайлау комис­сия­ларының құрамы мен орналасқан жерлері, шекаралары көрсетілген сайлау округтерінің тізімдері бұқаралық ақпарат құралдарында 30 қаңтардан кешіктірілмей жарияланатын болады. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан». Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.