АЛМАТЫ. 28 қаңтар. Алматы облысының Үшарал қаласынан Талдықорғанға бет алған «Аспан» компаниясының борт нөмірі UP-MD 600-N тік ұшағы жоғалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Тікұшақта 5 адам болған. Олар ұшқыш В. Кондратюк (1967 ж.), дәрігер-гематолог Б.Қайсанов (1964 ж.), фельдшер Г.Хамитова (1993 ж.), Қарлығаш Әбілқасым (1989 ж.) және оның сәбиі Бағым Әбілқасым (2015 ж.) Тікұшақ үшаралдық науқас сәбиді Талдықорғанға жеткізуге бағыт алған.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жедел топтың құрамында 75 адам, 11 арнаулы техника бар. Сондай-ақ, облыстық ішкі істер қызметінің арнайы жасақталған тобы, әскерилер барлығы 500- ге жуық адам іздестру жұмыстарымен айналысуда. Облыстық төтенше жағдайлар қызметі тікелей хабарласуға мынандай 8-7282-220460 телефон нөмірін жариялады.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.