• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2016

Апатқа ұшыраған тікұшақ ішіндегі барлық жолаушы қаза тапты

359 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 28 қаңтар. Іздеу жұмыстарын ұйымдастыру штабы жоғалған тікұшақ сынықтары Алматы облысының  Қапал ауылынан үш шақырым жерде тау шатқалынан табылғанын жария етті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Тікұшақ апатына орай қозғалған қылмыстык іс аясында тергеу жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі  Руслан Иманқұловтың айтуынша, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұхамбет Қасымовтың бұйрығымен ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божко оқиға орнына ұшып кетті. Естеріңізге сала кетейік, кеше сағат 17:47-де тіркеу орталығына сағат 17:10-да «Аспан» компаниясының борт нөмірі UP-MD 600-N тікұшағымен байланыс жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Ауа райының қолайсыздығана қарамастан іздеу жұмыстарына 500 адам, 20 техника жұмылдырылды. Тікұшақта 5 адам болған. Олар ұшқыш В. Кондратюк (1967 ж.), дәрігер-гематолог Б. Қайсанов (1964 ж.), фельдшер Г. Хамитова (1993 ж.), Қарлығаш Әбілқасым (1989 ж.) және оның сәбиі Бағым Әбілқасым(2015 ж.) Тікұшақ үшаралдық науқас 2 айлық сәбиді Талдықорғанға жеткізуге бағыт алған еді. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.