• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2016

Павлодарда Ресей мен Қазақстанның әріптестігі жайында жиын өтті

259 рет
көрсетілді

ПАВЛОДАР. 28 қаңтар. Облыстың Кәсіпкерлер палатасы «Ресей-Қазақстандық инвестициялық диалогі: өзара ынтымақтастың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында екі ел арасындағы бизнес серіктестікті дамыту бойынша бірқатар шаралар нақтыланды. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады. Іс-шара Мәскеуде сауда-өнеркәсіп палатасы, Ресейдегі еліміздің елшілігі, сауда өкілдігі және сыртқы сауда палатасының ұйымдастыруымен өтті. Қазақстандық компаниялар ресейлік нарықты белсенді игеруде. Болашақта шекаралық өңірлерде логистикалық орталықтар ашылмақ. Осы мақсатты жүзеге асыруға елімздің өңірлерінде « Кәсіпкерлікті дамыту картасы» әзірленген. Карта ресурстық қорды, инфрақұрылым, адам капиталын, өткізу нарығын, конъюнктураны және де өзге факторларды ескере отырып, кәсіпкер мен инвесторға өңірдегі әлеуетті іске асыруға ықпал ететіні айтылды. Инвестициялық диалог барысында инвесторлар мен серіктестерге ресейлік және қазастандық инвестиялық жобалар ұсынылды. Фарида Бықай. Дерек, сурет: egemen.kz.