• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2016

Павлодарда Ертіс өзенінде алып көпір құрылысы жүргізілуде

395 рет
көрсетілді

ПАВЛОДАР. 28 қаңтар. Павлодардағы Ертіс өзенінің үстінен үлкен көпір салынатын болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыс орталығын Ақсу қаласымен қосатын «Орталық-Шығыс» автожол дәлізіне қарайтын жоба құны 53 млрд 808 миллион теңгені құрайды. Көпірдің ұзындығы 12,3 шақырым. Жаңа көпір, автобан жобасы- Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі біздің еліміз бен Ресейдің бірлескен алғашқы ірі инфрақұрылымдық жобасы. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының облысы филиалының мәліметінше, құрылыс жұмыстарына 10 мың тонна металл және 30 мың текше метр бетон қолданылады. Нысан 2016 жылдың желтоқсанында қолданысқа беріледі. Жаңа автомагистраль елміздің қалаларын Новосібірмен, Омбы және Томмен жалғайды. Төрт жолақты автобан цементбетонды және асфальтбетонды жабындылармен жасалуда. Жаңа автобандағы құрылыс жұмыстарын «Дена Рахсаз Констракшн», «АБК Автодор НС», «Қазжолқұрылыс», «Ақжол» сынды компаниялар жүргізуде. Құрылыста 115 компания жұмыс жасауда. Жергілікті 3 мың адам еңбек етуде. Осы уақытқа дейін 254 арқалық дайындалған. Әлі 207-сі құйылады. Автобанның 12 шақырымы су үстіндегі көпірмен өтеді. Жобаның жүзеге асырылуы-«Бірыңғай «Павлодар-Ақсу агломерациясын» құруға мүмкіндік береді. 2016-2017 жылдары «Астана-Павлодар» бағытында 1-санатты, төрт жолақты автомобиль жолымен қауіпсіз және жайлы жетуіне жағдай жасау үшін, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының облыстық филиалы барлық күш қуатын салуда. Фарида Бықай. Дерек: egemen.kz. Сурет: Валерий Бугаев.