• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2016

Қарағандыда тәртіп бұзған прокуратура қызметкері жұмысынан қуылды

283 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 28 қаңтар. Қарағандыда өткен жылдың қараша айында ірі жол-көлік оқиғасына себепкер болған Қазыбек би аудандық прокуратурасының қызметкері жұмысынан босатылды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Осы оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүргізілгеннен кейін, прокуратура қызметкерінің қызметтік тәртіпті бұзғаны анықталып, облыс прокурорының бұйрығымен қызметінен босатылды. Айта кетейік, прокуратура қызметкерінің серігі Қарағанды қаласының орталық көшесінде жол ережесін бұзып, апатқа ұшыраған. Сол кезде прокурор келіншек жүргізуші орнына өзі отырып, полиция қызметкерлеріне бағынбастан оқиға болған жерден кетіп қалуға әрекеттенеді. Артынша ол жолын бөгеген бірнеше автокөлікті соғып кеткен болатын. Қайрат Әбілдинов. Дерек: Қарағанды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. Сурет: rostov.press.