• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2016

Жамбыл облысында жол-көлік оқиғасы 41 пайызға азайды

219 рет
көрсетілді

ТАРАЗ. 28 қаңтар. Жамбыл облысының Өңірлік коммуникация қызметінде Жамбыл облысы жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Бейсеев брифинг өткізіп, жергілікті полиция жұмысын түсіндірді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ескере кететін жайт, Қазақстанның барлық өңірінде жаңа жылдан бастап жергілікті полиция қызметі өз жұмысын бастады. Елбасының тапсырмасына сәйкес, 5 институционалды реформасы және «100 нақты қадам» жаңа Ұлттық жоспарын орындау, бұл жаңа тарихи жағдайда бүгінгі сыртқы мен ішкі жағдайға шығар тиімді жол әрі 30 дамыған мемлекет қатарына жоспарлы түрде ену болып табылады. Елбасының тапсырмасын орындау барысында Ұлттық жоспардың 30 бағытына сәйкес, Жамбыл облысында жергілікті полиция қызметі құрылды. Аталған қызмет функциясына қоғамдық тәртіп күзеті, жол қауіпсіздігі мен тұрмыстық қылмыстың алдын-алу міндеттері кіреді. Жамбыл облысында осы уақыт аралығында ҚР Әкімшілік құқықтық бұзушылықтар заңнамасына сәйкес, 2015 әкімшілік құқықтық бұзушылықтар, жол полициясы бойынша 2016 жылдың 1 қаңтарынан 9 мыңнан аса жол жүру ережелері бұзылғаны анықталды. Жүргізілген профилактикалық жұмыстар нәтижесінде Жамбыл облысында автожолдағы жол-көлік оқиғасының саны 41 пайызға төмендеді, дейді жергілікті полиция басшысы Бақытжан Бейсеев. Жергілікті полицияға өткен қызметкерлердің штаттық саны 1 110 адамды құрайды. Жыл басынан бері Жамбыл облысында 2027 әкімшіліктік құқық бұзу фактісі тіркелді. Оралхан Дәуіт. Дерек, сурет: egemen.kz