• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2016

Түлкібас ауданында мектеп, балабақша салуда тоқтау жоқ

484 рет
көрсетілді

ШЫМКЕНТ. 28 қаңтар. Биыл Түлкібас ауданында 4 мектеп, бір балабақша пайдалануға беріледі. Бұл туралы аудандық әкімдіктен алынған ақпар бойынша egemen.kz тілшісі хабарлады. Атап айтқанда, Жаңаталап, Шарапкент және Күмісбастау ауылдарында 150 орындық үш мектеп салынса, Т.Рысқұлов ауылында 600 орындық мектеп пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, өткен жылы құрылысы басталған Т.Рысқұлов ауылындағы 280 орындық балабақша бүлдіршіндерге есігін айқара ашады. Денсаулық сақтау және тұрғын үй салу салаларында да жағымды жаңалықтар бар. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz