• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2016

Отырар ауданында 145 шақырымдық су арнасы жөнделеді

715 рет
көрсетілді

ШЫМКЕНТ. 28 қаңтар. Отырар ауданының жаңа әкімі Ерлан Айтаханов биылғы жылы 145 шақырымдық су арнасына толық жөндеуден өткізбек. Бұл туралы аудандық әкімдіктің ақпары бойынша egemen.kz тілшісі хабарлады. Су – тіршілік көзі. Суармалы жер-халықтың асыраушысы. Сондықтан, аудандағы 32 шақырымдық 4 канал күрделі жөндеуден өтіп, 133 шақырымға созылған 11 канал ағымдағы жөндеу көреді. Қаналдарды су қашпайтындай қаптау арқылы жаңадан 1 мың гектардай жер суармалы алқапта айналады. Сонымен қатар 4,2 мың гектар суармалы жерге судың келуі жақсарады. Отырар киелі өңір. «Екінші Аристотель» атанған Әл-Фарабидің туған жері, бабтардың бабы Арыстанбаб мәңгі тыныстаған, қазаққа Шәмші Қалдаяқовтай тұлға сыйлағн аймақта көгілдір отын жоқ еді. Енді аудан орталығы Шәуілдір мен Темір станциясына көгілдір отын тартылады. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz