• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2016

Петропавлда жол апатынан 4 адам қаза тапты

272 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 28 қаңтар. Көкшетау-Петропавл трассасы бойында «жедел жәрдем» мен жеңіл көлік соқтығысып, 7 адамның 4-уі қаза тапты. Қалғандары әртүрлі дене жарақатын алып, жақын маңайдағы ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы облыстық жергілікті полиция қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жол-көлік апаты Көкштау мен Келлеровка арасында орын алған. Астанадан жолаушы алып келе жатқан Өсербай есімді жеңіл көліктің иесі қарсы бағыттағы «жедел жәрдем» машинасын байқамай қалған. Оның қамсыздығына сол күнгі ұйытқи соққан сырма жел мен алда кетіп бара жатқан тіркемелі екі жүк көлігі себеп болған. Жедел жәрдемнің жүргізушісі мен фельдшер және жеңіл көліктің иесі мен жанындағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты. «Қазір жедел тергеу амалдары жүргізіліп, жол апатының себептері анықталуда», – дейді жергілікті полиция қызметінің өкілдері. Өмір Есқали. Дерек: облыстық жергілікті полиция қызметінің баспасөз қызметі. Сурет: progorod11.ru.