• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Қаңтар, 2016

Ақпараттық хабарлама

293 рет
көрсетілді

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ (бұдан әрі – Редакция) 2016 жылдың 20 наурызына белгіленген кезектен тыс сайлауға қатысуға Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа үміткерлердің партиялық тізімін ұсынған және тіркеген саяси партиялардың «Егемен Қазақстан» газеті бетінде сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа көлемін беруге қойған көлемі, тәртібі және жалпы шарттары.

Газет көлемін берудің жалпы шарттары

Қазақстан Республикасының Парла­менті Мәжілісіне депутаттыққа үміт­керлердің партиялық тізімін ұсын­ған және тіркеген саяси партияларға (бұдан әрі – саяси партиялар), редакция мақалалар және үлгілер түріндегі сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – үгіт материалдарын) орна­­ластыру үшін газеттен орын береді. Үгіт материалдарының мәтіндерін саяси партия­лардың өздері әзірлейді. Үгіт материалын жариялауы үшін сая­си партиялардың өкілетті өкілдеріне мыналар қажет: Редакцияға төмендегідей ақпаратты қамтитын жазбаша өтінішті ұсынады: 1) Жазбаша мәлімдеменің күні мен уақыты; 2) Жазбаша мәлімдеме жасаған өкілетті өкілдің аты-жөні; 3) Газет бетінен алатын жоспарланған көлемі. Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркелуі тиіс: 1) Партияның тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі; 2) Партиялық тізімді ұсынғандығын растайтын құжаттың көшірмесі; 3) Саяси партияның өкілетті өкілінің өкі­лет­­тілігін растайтын құжатының көшір­месі; 4) Үгіт материалы мәтінінің мәнін қағаз және электрондық тасымалдағышта ашу; 5) Өтініш берушінің, саяси партия­ның өкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі. Редакциямен шарт жасасу.

Үгіт материалдарын жариялаудың тәртібі

2016 жылдың 20 ақпанынан бастап сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, күн сайын, сенбі және жексенбіден басқа күндері жазбаша мәлімдемелер қабылданады және шарт жасалады, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Жазбаша мәлімдемелерді қабылдаудың соңғы күні – 2016 жылдың 17 наурызы. Үгіт материалдарын жария­лаудың соңғы кү­ні – 2016 жылдың 18 наурызы. Редакция саяси партиялардан мәтіндердің және үл­гілердің түсу ретіне қарай үгіт материалдарын жариялаудың кезектілігін белгілейді. Саяси партиялар үгіт материалдарын одан әрі жария­лауды Редакциямен уағдаластық бойын­ша жүзеге асырады. Бірнеше саяси пар­тиялардан/өкілетті өкілдерден бір мезгілде мәлімдемелер түскен жағдайда Редакция сол күні жеребе тастауды жүр­гізеді. Жеребе тастауға баспа материалдарын орналастырудың кезектілігіне талас білдіруші саяси партиялар немесе саяси партияның мүддесіне өкілдік ететін өкілетті өкіл және талас білдірудің тәуелсіз тарабы ретінде Редакция өкілі қатысады. Редакция үгіт материалдарын жариялауды Редакцияның есеп айырысу шотына жарияланымдар құнының 100 пайыздық алдын ала төлемі түскеннен кейін жүргізетін болады. Редакция «Егемен Қазақстан» газетінің беттерінде үгіт материалдарын орналас­тыру орнын дербес айқындайды.

Үгіт материалдарын тапсырудың тәртібі

Саяси партиялар/өкілетті өкілдер үгіт материалдарының мәтіндерін және үлгі­лерін жоспарланған жарияланым күнінен екі күн бұрын Редакцияның жарнама бөліміне тапсырады. Мәтіндер сая­си партияның өкілетті өкілінің қолы қойыл­ған баспа нұсқасында тапсыруы және электрондық тасымалдағышта қайталануы қажет. Мәтіндердің баспа нұсқалары берілген күні және уақыты көрсетіліп, тір­кеу нөмірімен екі данада тапсырылады. Сондай-ақ, үгіт материалында бейнелері пайдаланылған тұлғалардың жазбаша рұқсаты қосымша беріледі (қайтыс болған жағдайда – олардың мұрагерлерінің жазбаша рұқ­саты). Редакцияның жарнама бө­лімінің қызметкерлері баспа нұсқасын қабылдау кезінде қабылдағаны туралы белгі қоя­ды, қабылданған күнін, уақытын көрсетеді және мәтіннің екі данасында да лауазымын және тегін, атын, әкесінің атын көрсетіп, өзінің қолын қояды. Мә­тіннің бір данасы жарнама бөлімінде қалдырылады да, екінші данасы оны тапсырған тұлғаға қайтарылады. «Егемен Қазақстан» газетінде үгіт материалдары жарияланған кезде «Сайлау-2016» айдарымен орналастырылатын болады. Егер конституциялық құрылысты күштеп өзгерту идеялары жария етілсе, респуб­ликаның тұтастығын бұзуды, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, сон­дай-ақ заңнамаларда қарас­тырылмаған әске­рилендірілген құры­лымдарды құру және «Қазақстан Респуб­ликасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарында қарастырылған өзге де негіздерде, газет үгіт баспа материалдарын қабылдаудан бас тартуға құқылы. Редакция басқа тұл­­ғалардың ар-намысына, абыройына және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпараттары бар үгіт материалдарын жария­лаудан бас тартады.

Үгіт материалдарын жариялау ақысын төлеу тәртібі

Саяси партиялар/өкілетті өкілдер үгіт материалының жарияланым құнының 100 пайызын материалды жариялау күніне дейін екі күннен кешіктірмей төмендегідей баға бойынша төлейді: - мақала – газет көлемінің 1 шаршы сантиметрі үшін 900 (тоғыз жүз) теңге; - модуль – газет көлемінің 1 шаршы сантиметрі үшін 900 (тоғыз жүз) теңге. Қызмет құнына 12% ҚҚС қосылған. Төлемақы Редакция ұсынған есепшот негізінде жүргізіледі. Төлемақы шартқа сәйкес көрсетілген деректемелер бойынша Редакцияның есеп айырысу шотына төленеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы үгіт материалдарын жариялау шарттары бойынша нормативтік-құқықтық актілерін қабылдаған жағдайда, сәйкес актілердің нормалары қолданыста болады. Жарнама бөлімі: е-mail: еgеmen_аdv@mаіl.ru Астана қаласындағы телефон:    8 (7172) 37-60-49, факс: 8 (7172) 37-64-48.