АСТАНА. 29 қаңтар. Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы – «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен партияның кезектен тыс XVII съезі басталды. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жиынға 2 мыңнан аса делегат қатысуда. Олардың қатарында республиканың барлық өңірлеріндегі конференцияларда сайланған делегаттар, мемлекеттік басқару органдарының, ұлттық холдингтердің, білім, ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері, қоғам, дипломатиялық корпус, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері бар.
Съезде негізгі баяндаманы Президент жасап, партия алдына жаңа бағдарлама аясында нақты міндеттер қояды деп күтілуде. Сондай-ақ, «Қазақстан-2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық" атты жаңа сайлауалды бағдарлама қабылданбақ. Бағдарлама қабылданғаннан кейін 20 наурызда өтетін Парламент Мәжілісінің сайлауына үміткерлердің партиялық тізімі бекітіледі.
Еламан Қоңыр.
Дерек: inform.kz.
Сурет: altaynews.kz.