• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2016

Оралда балмұздақ шығаратын жаңа желі іске қосылады

397 рет
көрсетілді

ОРАЛ. 28 қаңтар. Орал қаласындағы «Береке» ЖШС балмұздақ шығаратын жаңа желіні іске қоспақ. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Кәсіпорын директоры Қымбатбек Айдаровтың айтуынша, қазіргі кезде құны 400 миллиондай теңге тұратын италиялық жабдық орнатылып, цехта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қажетті инфрақұрылым тартылған. Алдағы айда жабдықты монтаждау басталады. Жаңа желі тәулігіне 8 тонна балмұздақты шығарып, оның жиырмаға жуық түрі жасалады. Балмұздақты Батыс Қазақстанмен қатар, Атырау, Маңғыстау облыстарына жөнелту қарастырыдуда. Мемлекет өндірісті жаңғырту жобасын банк несиесін демеуқаржыландыру жолымен қолдады. Темір Құсайын. Дерек: inform.kz. Сурет: koloro.ua.