• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
02 Ақпан, 2016

Ақтөбеде «Қауіпсіз қала» акциясы аяқталды

414 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 2 ақпан. Ақтөбе қаласы мен облысқа қарасты аудан орталықтарында 29-30 қаңтар күндері «Қауіпсіз қала» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қоғамдық орындар мен көшелерде құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыстарды ескерту және жолын кесу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ, «мүлдем төзбеушілік» қағидаты бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында ұйымдастырылған шараға барлығы 541 ішкі істер және ішкі әскердің 75 әскери қызметкерлері жұмылдырылды. Сонымен қатар, 117 автокөлік қатыстырылды. Жұмылдырылған жасақтардың күшімен іс-шара барысында 4 қылмыс «ізі суымай» ашылды. Одан бөлек, «мүлдем төзбеушілік» қағидаты бойынша 499 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ұсақ бұзақылық – 26, қоғамдық орындарда мас күйінде жүру – 41, мас күйінде көлік жүргізудің – 11 және жылдамдықты асырудың 47 дерегі анықталды. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек: egemen.kz. Сурет: azh.kz.