• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
10 Ақпан, 2016

Дайындықтарын пысықтады

291 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы (ҚКХП) Орталық комитеті ұйым­ның электораттық науқанға дайын­ды­ғын пысықтау мақсатында аймақтық бө­лім­шелерімен скайп-конференция өткізді. ҚКХП-ның Павлодар, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қоста­най облыстары мен Алматы қаласы филиал­дарының өкілдері қатысқан скайп-конференцияда республикалық сайлауалды штабтың жетекшісі Айқын Қоңыров ұйымның аймақтық бөлім­шелеріне алдағы электораттық науқанға дайындықты бастау туралы нұсқау берді. «Қазақстан Коммунистік халық партиясы алдында маңызды әрі жауапты миссия тұр. Біз өз жақтастарымызға партиямыздың мақсат-міндеттерін өз деңгейінде түсіндіруіміз керек. Сондықтан, алдағы науқанда Қазақстан коммунистері орталықта және жергілікті жерлерде партияның сайлауалды бағдарламасы аясында тиімді жұмыстар атқаруы тиіс», – деді А.Қоңыров. Өз кезегінде ҚКХП Орталық комитетінің хатшысы Тұрғын Сыздықов: «Халыққа біздің елді жаңғырту, азаматтық қоғамды дамыту, экономиканың сапалы трансформациялануы және рухани құндылықтарымызды сақтау бағытындағы ұстанымдарымызды жеткізу аса маңызды іс», – деп мәлімдеді. Сондай-ақ, конференция барысында алдағы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары кезінде бәсекелес партиялардың жұмысына көбірек мән беру қажеттігі де айтылды. Бұған қоса, партияның үгiт-насихат жұмыстары қолданыстағы заң талаптарын қатаң сақтау арқылы жүргiзiлетіні атап көрсетілдi. Сонымен бірге, Владислав Косарев те өңiрлiк бөлiмшелердiң есебiн тыңдап, сайлау науқанында қамтылуы тиіс жұмыстар жөнінде әңгімелеп берді. Скайп-конференция қорытындысы бойынша өңiрлiк сайлауалды штабтарын құру, сенiм білдірілетін адамдарды таңдау, тiркеу, үгiт-насихат топтарын қалыптастыру және оларды оқыту, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізу, сондай-ақ, бұқаралық сипаттағы үгiт-насихат шараларын ұйымдастыру туралы шешiмдер қабылданды.  Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан». АСТАНА.