АСТАНА. 10 ақпан. Еліміздің батыс өңірінде Ресйеге әскери полигон үшін жалға берілген жерлер қайтарылып жатыр. Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында 600 мыңға дейін гектар жер қайтарылатын болады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Осылайша Ресей тарапы 600 мың гектар жер үшін төлеуі тиіс 1 миллионнан астам АҚШ доллары үнемдегісі келеді.
Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Оқас Сапаровтың айтуынша, жалға берілген жерлер қайтарылған соң, онда пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жұмыстар жасалады. Мысалы, Атырау облысындағы «Тайсоған» учаскесінде Уаз және Қондыбай кен орындарында көмірсутекті, Батыс Қазақстан облысының «Жамантау» учаскесінде кесек тасты өндіру іске асырылады. Одан басқа, Атырау облысының Ақжар кентінде тұрғын үйлер салынады.
Дастан Кенжалин.
Дерек: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.
Сурет: egemen.kz