• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
10 Ақпан, 2016

Қызылорданың каратэшілері 11 жүлде иеленді

248 рет
көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 10 ақпан. Бішкекте каратэ-додан өткен IX халықаралық турнирде жерлестеріміз жақсы өнер көрсетіп, 11 медальмен (3 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль) оралды. Бұл туралы облыстық спорт және денешынықтыру басқармасына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. 8-9 жас аралығында ката бағдарламасы бойынша Павел Барыбин мен 10-11 жас аралығында Ердос Кенжалиев турнирдің (облыстық каратэ-до федерациясы) жеңімпазы атанса, 16-17 жас аралығында кумитэ бағдарламсында 61 кило салмақ дәрежесіне  дейін сынға түскен Қайсар Өмірбек (№2 ООРМБЖМ) бірінші орынды иеленді. Ката сайысы бойынша 10-11 жас аралығында Сергей Осипов (облыстық каратэ-до федерациясы), кумитэ бойынша 12-13 жас аралығында 35 кило салмақ дәрежесіне дейін Диас Молдабек («Қажымұқан» СК) пен 18 жастан жоғары Мөлдір Жаңбырбай (ЖСШМ) халықаралық турнирдің  күміс жүлдесін иеленді. Ката сайысы бойынша 6-7 жас аралығында Константин Каджиев (облыстық каратэ-до федерациясы), 8-9 жас аралығында кумитэ бағдарламасы бойынша Гафур Шайхы (№2ООРМБЖМ, 27 кило), ката бағдарламасы бойынша 10-11 жас аралығында Нұрбол Нұрлыбеков (облыстық каратэ-до федерациясы), кумитэ сайысында  12-13 жас аралығында Аман Шора ( «Қажымұқан» СК, -35 келі) мен 16-17 жас аралығында Нұрәділ Кеңесбек (ЖСШМ, 61 кило) қола жүлдені иеленді. Спортшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Рүстем Әбжәмиев және жаттықтырушылар Нұржан Ақпанбет, Рустам Орлов, Әкімжан Нұрғалиевтер дайындады. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: egemen.kz