• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
10 Ақпан, 2016

Қызылордада гір көтеру және қол күресінен облыстық жарыс өтеді

539 рет
көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 10 ақпан. 13-14 ақпан күндері Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде гір көтеру және қол күресінен облыстық жарыс өтеді. Бұл туралы облыстық спорт және денешынықтыру басқармасына сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға Қызылорда қаласы мен барлық аудандардан, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, облыстық ішкі істер және төтенше жағдайлар департаменттерінің құрама командалары қатысады. Гір көтеру 7 салмақ бойынша  (63, 68, 73, 78, 85, 95 және + 95 кг), қол күресі 8 салмақ дәрежесінде (55, 60, 65, 70, 75, 80, 85 және  + 90кг) өткізіледі. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: egemen.kz