• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
10 Ақпан, 2016

Қызылорданың дзюдошылары 10 медаль жеңіп алды

387 рет
көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 10 ақпан. 4-7 ақпан аралығында Ақтөбе қаласында дзюдодан 1999-2000 жылдары туған жасөспірімдер  арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Аталған жарыстан Қызылорданың спортшылары да жүлделі оралды. Бұл туралы облыстық спорт және денешынықтыру басқармасына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан 575 спортшы қатысқан дүбірлі додада жерлестеріміз 10 медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. Бірінші орынды Алматы облысы, үшінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысының командалары еншіледі. Жекелей сында 40 кило салмақ дәрежесінде Бибіхан Нәбиева (№1 ООРМБЖМ), 57 килода Арайлым Қанзада (Мәдениет ауылы, спорт интернат) және 70 килода Арайлым Оразбайлар (Жалағаш ауданы, спорт интернат) жақсы өнер көрсетіп, ел чемпиондары атанды. 55 килода Жанболат Саматұлы (Жалағаш ауданы, спорт интернат) мен 90 килода Нұрлыхан Шархан (спорт интернат) күміс жүлдені иеленді. 44 килода Зүльфия Баянова, 60 килода Рауан Бекалы (екеуі де №1ООРМБЖМ), 63 килода Мөлдір Қойбағар (№5ООРМБЖМ), 70 килода Алиса Нұртас (Мәдениет ауылы),70 килода астам салмақта Аида Файзолла (№1ООРМБЖМ) қола жүлдені жеңіп алды. Жеңімпаз спортшылар қыркүйек айында Үндістанның Дели қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама алу үшін алдағы сәуір айында Ресейдің Тверь, мамыр айында Германияның Берлин қалаларында болатын Еуропа кубоктарына қатысады. Спортшыларды жарысқа Арман Молдаханов, Қален Қалиұлы, Ришат Бурлов, Жанар Дюсекенова, Жанарбек Сансызбаев, Рамазан Мұстафаев, Аян Асылбек, Тұрар Баймахановтар дайындады. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: egemen.kz