• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
12 Ақпан, 2016

Балық та бапқа өседі

732 рет
көрсетілді

Қазір жердің де, судың да қожасы бар. Бұл нарықтың талабы. Мұның тиімділігі сол, адамдар өздеріне тиесілі жердің де, судың да пайдасын көруге дағдылануда. Тіпті бұрын-соңды айтудың өзіне жүрегің шайлығатындай бой үйренбеген кәсіптің тізгінін ұстау да түк болмай қалды. «Көз қорқақ, қол батыр» дегендей, тәуекелің тұрса тұрмысыңды түзеуге әбден болады. Әрине, құр нартәуекелмен іс бітпейтіні де белгілі. Бұл арада шын кәсіппен айналысамын деушілерге Үкіметтің өзі қолдау көрсетуі қайтарымды бола түскенін аңғарамыз. Хромтау ауданының «Тұл­пар» акционерлік қоғамына қарайтын Табантал балық ша­руашылығының басшысы Мықтыбек Есмағамбетов тоған­да балық өсіруді осыдан 13 жыл бұрын бастапты. Мағаджан су қоймасын сенімді басқаруға алған кәсіпкер бастапқы жылдары тоғандағы табиғи өсіп-өнген балықтардың көбеюіне бағытталған жұмыстарды атқарды. Әйтеуір көңілге демеу демесең, бұл қарқынмен тоғанның пайда әкеліп жарытпасын аңғарған ол мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алып, жаңа тың істің тігісін тарқатуға кірісті. Оны тоғандағы балық қорын молайту, ондағы балықтың сапасын жақсарту туралы ой мазалай берді. 2007 жылы тоғанға Қостанай облысы аумағынан, Тобыл өзенінің жоғарғы басынан 50 мың тұқының шабағын жібереді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».