• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
12 Ақпан, 2016

Шаңғы марафоны Риддерде өткен сайысқа 260 спортшы қатысты

255 рет
көрсетілді

Риддер қаласында «Нұр Отан» партия­сының қолдауымен ел Тәуелсіздігінің 25 жыл­­­дық мерейтойына орай шаңғы марафоны өтті. Аталған жарысқа барлығы 260 жас спортшы қатыс­ты. Олардың арасында риддерліктерден бөлек, Семей қаласы мен Зырян, Шемонайха, Глубокое, Үржар, Күршім аудандарынан келген спортшылар бар. Шаңғышылар марафонының Риддерде өтуі бекер емес. Мұнда спортта дарынды балаларға ар­налған республикалық мектеп-интернат пен облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мек­тебі орналасқан. Осы мек­тептердің оқушыларының жат­тығуына қажетті жағдайдың бар­лығы бұ­рынғы Лениногор ши­пажайының аумағында жа­салған. – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дәстүрлі Жолдауында халық ден­саулығын Қазақстанның стратегиялық мақсаттарға жету жо­лындағы сәттіліктерінің бір бөлшегі ретінде атап көр­сет­кен болатын. Яғни, дені сау адам – мемлекет байлығы. Сон­ды­қтан, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру, азаматтардың денсаулығын нығайту үшін елі­мізде спортты қолдауға зор кө­ңіл бөлініп отыр. 2020 жылға қарай, елімізде бұқаралық спортпен шұғылданушылар саны 30 пайызды құрауы тиіс. Осы мақсатқа жету жолында барша­мыз өз үлесімізді қосуымыз қажет, – деді «Нұр Отан» партиясы Риддер қалалық филиалы төрағасының бірінші орын­басары Надежда Климова. Оқушылар 1200, 1400 және 2500 метрге жарыс жолына шықты. 6 жастан 16 жасқа дейінгі балалар шаңғы марафонының түрлі қашықтықтарын бағындыру үшін жарысты. Олардың басым бөлігі республикалық және об­лыстық спорт мектептерінің оқу­­шылары. Жалпы, тәуел­сіз­дігімізді алған ширек ға­сырдың ішінде елімізде қысқы спорт түрлері шеберлерінің жаңа буыны қалыптасты. Әсіресе, Рид­дер мектебінің түлектері Алек­сей Полторанин, Анастасия Сло­нова, Светлана Малахова, Алек­сей Черепанов, Роман Рого­зин, Галина Вишневская сынды жо­ғары деңгейдегі шеберлікке жеткен спортшылар күллі әлемге Қазақстанды танытып, ел намысын қорғап жүр. Марафон жеңімпаздары рес­пуб­ликалық жарыстарға қа­тысуға арналған жолдамаларды ұтып алды. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан». Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы.