• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Ақпан, 2016

Ақтөбеде Мұқағалиға арналған кеш өтті

372 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 12 ақпан. Ақтөбе қаласындағы Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында ұйымдастырылған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл толуына арналған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты поэзия кеші өтті. Оған «Шұғыла» әдеби-шығармашылық бірлестігінің мүшелері мен студенттер қатысты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Кеште кітапхананың «Ақ қауырсын» поэзия клубының мүшелері ақынның «Жоқ, дәрігер…», «Анама» сияқты өлеңдерін жатқа айтып, арнау өлеңдерін оқыды. Ақтөбе гуманитарлық колледжінің оқушылары ақиық ақынға арнап «Ақ сағымдай сағыныш» атты қойылым ұсынды. Сондай-ақ, кеш барысында оқырмандарға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы «Мұқым елдің мұзбалағы», «Мұқағали есімі мәңгілік» атты бейнефильмнен үзінділер мен слайдтар көрсетілді. Шараның екінші бөлімінде «Шұғыла» әдеби-шығармашылық бірлестігінің мүшелері «Қош, махаббат» пьесасынан үзінділер қойды. Кеш соңында көпшілікке «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек: egemen.kz. Сурет: ria.ru.