• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
12 Ақпан, 2016

Мемлекет басшысы ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовпен кездесті

311 рет
көрсетілді

АСТАНА. 12 ақпан. Алматыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовпен кездесті. Бұл туралы akorda.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Кездесуде еліміздің қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласындағы қызметі талқыланып, Мемлекет басшысының Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қоюының 25 жылдығы аясында өтетін іс-шараларға дайындық мәселелері қарастырылды. Сонымен бірге Елбасы қазіргі геосаяси жағдайдың қиындап бара жатқанын айта келіп, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда Қазақстанның ұстанып отырған саясатының маңыздылығын атап өтті. Жазушы Олжас Сүлейменов өз кезегінде жаһандық антиядролық қозғалысқа мемлекеттердің ғана емес, қоғамдық ұйымдардың күш-жігері мен азаматтық бастамалардың маңыздылығына назар аударды. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: akorda.kz