АҚТӨБЕ. 12 ақпан. Ақтөбе қаласындағы Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университеті жанынан Т.Ахтанов атындағы драма театрының режиссері Елтай Кемал бастамасымен «Кемал» театр студиясы ұйымдастырылуда. Бұл туралы облыстық «Ақтөбе» газетіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қазірдің өзінде мұнда театр өнеріне қызығатын, қабілетті студенттерінің арасында кастинг өткізіліп, оған 80-ге жуық студент қатысқан. Солардың ішінен 25 бала іріктеліп алыныпты.
Бұл бастаманы университет ректоры Кенжеғали Кенжебаев қолдапт отыр екен, соны жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр. Үстіміздегі жылғы мамыр айында ашылатын студия университеттің Жастар сарайында орналасады.
Елтай Кемал театр студиясын болашақта облыстың Жастар театрына айналдыруды көздеуде.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: movieup.kz.