• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
12 Ақпан, 2016

Қазақстан спортшылары Норвегиядағы елшілікте болды

264 рет
көрсетілді

АСТАНА. 12 ақпан. Норвегияның Осло қаласында жасөспірімдердің Қысқы Олимпия ойындарына қатысатын спортшыларымыз бен Ұлттық олимпиада комитетінің өкілдері Қазақстанның осы елдегі елшілігінде болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Елшілікте еліміздің Олимпиадаға барған делегациясы Қазақстанның Норвегия Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Әбусейітовпен кездесті. Кездесуде елші Олимпиадада 20 спортшымыздың ел намысын қорғайтынын, олардың арасында қазірдің өзінде жас болса да бас бола білетін жасөспірімдеріміздің бар екенін айтып, жарыс кезінде елшілік отандастарымыздың жақсы жарысуы үшін қолда бар мүмкіндіктің барлығын жасайтынын айтты. Өз кезегінде Ұлттық олимпиадақкомитетінің вице-президенті Андрей Крюков жарыста жастарымыздың спорттың 9 түрінен қатысатынын, қазір оларға барлық жанкүйерлердің елімізге жүлделерді арқалап әкелетініне үмітпен қарап отырғанын атап өтті. Норвегиядағы елшіміз 1994 жыл дәл осы қалада, Лиллехамерде Қазақстан спортшысы Владимир Смирновтың алтын медальді жеңіп алғанын, одан кейін ешкімнің Олимпия ойындарында құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерлімегенін еске салып, соның нәтижесін биылғы додада жастарымыздың қайталайтынына сенім білдірді. Дастан Кенжалин. Дерек: Қазақстанның Ұлттық олимпиялық комитеті. Сурет: egemen.kz