• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
13 Ақпан, 2016

Тыңғылықты дайындалуда

234 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарға үміткерлерді тіркеу Талдықорған өңіріндегі сайлау комиссияларында да заңнама шеңберінде жүргізілуде. «10 ақпанға дейін Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына 31 үміткер өзін өзі ұсынса, ал қоғамдық бірлестіктер 19 үміткерді ұсынды. Осы үміткерлердің 12-сін заң талабына сай тіркеп, құжаттарын толтырып облыстық сайлау комиссиясына бердік. Сараптама жүргізгенімізде үміткер болған 50 адамның 31-і ер азаматтар, 19-ы әйелдер болды. Негізі, ұсыну, тіркеу, үгіт-насихат деген үш кезеңнен тұратын сайлау науқаны қаламыздағы 51 сайлау учаскесінде өтеді. Әрқайсысында 7 адамнан мүшесі бар сайлау учаскелері тұрақты түрде 19 ақпаннан бастап түнгі 12-ге дейін жұмыс істейтін болады. Бұл – заң талабы», – дейді Талдықорған қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулет Жүнісов. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан». Алматы облысы.