• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Ақпан, 2016

Үміткерлер тіркеуден өтуде

348 рет
көрсетілді

  Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің «Жайық Пресс» ЖШС-інде құрылған филиалында Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов брифинг өткізді. Мұнда ол жергілікті және республикалық БАҚ өкілдеріне барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге қатысты төмендегідей жәйттерді баяндап берді. Қазіргі күнге дейін өңірдегі барлық сайлау учаскелерінің орны белгіленіп, оның ішін тиісті талаптарға сәйкес жарақтандыру жұмыстары басталды. Сайлау бюллетеньдері әзірленіп, сайлау туралы жарнамалар мен күнтізбелерді ілу жұмыстары жүргізілуде. Мұның ішінде 44 билборд пен 734 күнтізбенің шеберлердің қолынан өтіп үлгергені бұл істің барысы ойдағыдай екенін айқын айғақтайды. Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауларын қандай да бір болмасын әдістемелік материалдардың көмегінсіз өткізу еш мүмкін емес. Бұған нормативтік құжаттар да әзір. Оның он беске таяу түрі дайын, деді брифинг беруші. Сондай-ақ, сайлау кезіндегі үлкен жауапкершілік аудандық, қалалық және облыстық деңгейдегі учаскелік және округтік сайлау комиссияларының төрағаларына жүктелетіні белгілі. Егер олар сайлау өткізудің жәй-күйін терең зерделей алмаса, оның нәтижелі аяқталуы екіталай. Сондықтан да, облыстық сайлау комиссиясы олар үшін арнайы семинарлар ұйымдастырып, өткізді. Әрі әрқайсысының біліктілігі мен іс-шараларды ұйымдастыруға бейімділігін сынға салды. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына қатысатын үміткерлерге бөлінетін қаражаттың көлемін бекіткені белгілі. Соған сәйкес, өңірде үміткерлерге сайлау жарнамасын енгізуге арналған есепшоттар ашылды. Облыс бойынша ақпан айының 12-сіне дейін аудандық, қалалық және облыстық мәслихаттардың депутаттарына 373 үміткер ұсынылды. Оның 80-і тіркеуден өткізілді. Қазіргі қолда бар ақпараттар үміт­керлердің 30 пайызы әйелдер екенін көрсетеді. Олардың арасында ай­мақтағы 8 этностың өкілдері бар. Мәс­лихаттар сайлауына мұғалім, механизатор, шаруа қожалығының жетекшісі, етік­ші, дәрігер, мәдениет қызметкері секіл­ді сан түрлі мамандық иелері қам­тылған, деп түйін жасады брифингте Батыс Қазақстан облыстық сайлау ко­миссиясының төрағасы Ғайса Қапақов. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан». Батыс Қазақстан облысы.