• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
13 Ақпан, 2016

Он-лайн режімінде ақпарат алмасады

240 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_23855" align="alignnone" width="560"] ????????????????????????????????????[/caption] Кеше Астанада «Бірлік» партиясының сайлауал­ды штабы ашылды. 10-ға тарта қызметкер жұмыс істейтін штаб барлық қажетті техникалық құралдармен жаб­дықталған. Сондай-ақ, сайлаушыларды қабылдайтын арнайы бөлмелермен жасақталған. Саяси партияның сайлауалды штабтары әзірге еліміздің 8 өңірінде және Алматы мен Астана қалаларында ашылып отыр. Аптаның соңына дейін мұндай штаб еліміздің барлық аймағында өз жұмысын бастамақ. Партия төрағасының орынбасары Төлеген Қуанышев: «Астанадағы бас кеңсе мен облыс орталықтарындағы филиалдардың он-лайн режімде жедел ақпарат алмасуына қажетті жағдай жасалған. «Бірлік» партиясы сайлаушылардың көкейкесті сұрақтарына жауап беруге дайын», – дей келе, партия өкілдері сайлау науқаны кезінде үгіт-насихат шараларын заң аясында жүргізетіндігін жеткізді. «Бірлік» партиясы төрағасының тағы бір орынбасары Болат Байқадамов сайлауалды штабтың ашылу кезінде салтанатты түрде лента қиды. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».