Өткен жылы Қазақстанның Қарулы Күштерінде мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде 160 мыңнан аса артиллериялық оқ-дәрілер, 260 мыңға жуық қол гранаталары және 10 мыңнан аса инженерлік оқ-дәрілер кәдеге жаратылыпты.
Оқ-дәрілерді пайдаға асыру үдерісі кәдеге жаратудың екі учаскесінде – Арыс қаласы мен Отар стансасында жүргізіледі. Аталған жерлерде арнайы жабдықтар, оның ішінде модульдер бар.
«Жабдықтың осы түрлерінде оқ-дәрілерді бөлшектеу, күкірттерді ажырату, тротилды қорыту, яки оқ-дәрілерді алудан бастап толық бөлшектегенге дейін және әрі қарай іске асырылып, кәдеге жаратылатын өнімдер алуға дейін жүргізіледі және қаржы мемлекет бюджетінің кірісіне түседі. Сақталуы бойынша мерзімі өтіп кеткен оқ-дәрілер тиісті санатқа ауыстырылады және жоғарыда айтылған арнайы пункттерде кәдеге жаратылады. Олардың арасында өткен ғасырдың 40-шы жылдарының соңындағы, 50-60-шы жылдардағы оқ-дәрілер де бар», – деді «Қазтехнология» АҚ кәдеге жарату департаментінің директоры Ербол Әлібеков.
Кәдеге жарату әрі қарай қара және түсті металл ретінде іске асырылуы мүмкін материалдарды бөлшектеу және алу әдісімен жүргізіледі. Күкірт пен тротил сияқты жарылғыш заттарды айыру бөлек іске асырылады.
Мамандардың айтуынша, статистика бойынша кәдеге жаратылатын оқ-дәрілердің саны жыл сайын арта түсуде. Техника қауіпсіздігін сақтау мен жетілдіруге де аса мән берілуде.
«Біз технологияны өзгертіп, оны жақсарттық. Күкірттерді ажырату әдісін біз әбден өзгерттік, жазатайым оқиғалардың орын алу ықтималдылығы барынша азайтылды. Әртүрлі оқытуды жүргіземіз, қосымша жабдық, қорғаныс құралдары сатып алынуда, еңбекті күзету мен өндірістегі қауіпсіздік жөнінде мамандардың қосымша лауазымдары енгізілді. Кәдеге жарату бойынша шаралар барлық түрі бақыланып отырады», – деді Е. Әлібеков.
Кәдеге жарату өнімдерін іске асыру нәтижесінде 2015 жылы республикалық бюджетке 322 млн. теңге аударылғанын айта кеткен жөн.
«Егемен-ақпарат».