• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2016

Заманға сай жоба

226 рет
көрсетілді

Ұлттық музейде режиссерлер мен операторлар арасында өткен «Назар салыңыздар! Ұлттық музей!» («Attention! National museum!») байқауының жеңімпаздарын марапаттау кеші өтті. Жиын басында сөз алған Ұлттық му­зейдің директоры Дархан Мыңбай: «Ұлттың құнды жәдігерлері қазіргі жаңа технология көмегімен халық назарына жиі ұсынылып отырғанда ғана біз мәде­ниетіміздің бағасын арттырып, оған деген қоғамның қызығушылығын тудыра аламыз. Ұлттық музей бұған дейін де бір­неше байқаулар мен жобаларды жүзеге асырған болатын. Оның барлығының негізінде ұлт мәдениеті мен тарихына деген құрмет жатыр», – деп байқауға атсалысқан барлық қатысушыларға алғыс білдірді. Қазақстан Азаматтық Альянсының пре­зи­денті Нұрлан Ерімбетов: «Біз студент кезімізде, оқушы шағымызда музейге көп бара­тынбыз. Қандай көрме көргенімізді, қандай құнды жәдігерлер жайлы ақпарат алғанымыз жөнінде бір-бірімізге мақтанышпен айтатынбыз. Ал қазіргі Ұлттық музей еліміздің үлкен бір рухани ордасына айналып отыр. Мұнда келушілер көрмелерді ғана көріп қайтпайды, осындай іс-шараларға да өте көп қатысады. Бұл жер – қарттардың да, жастардың да басын қосып, жан-жақты жұмыс істейтін заманауи мекеме», – дей келе, музей жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, «Серпін-2050» әлеу­меттік жобасының төрағасы Мұрат Әбенов: «Қазіргі біздің рухани-мәдени өмірімізде, жастар тәрбиесі саласында Ұлттық музейдің алатын орны ерекше. Мұнда көптеген жаңа бағыттағы шара­лардың өткізіліп тұратынынан хабардармын. Бірнеше іс-шараларға да қатысып үлгердім. Қай кез болсын, зал жастарға лық толы болады. Соған шын қуаныштымын. Меніңше, бұл музейдің заман талабына сай жұмыс істеп отырғанының бір белгісі», – деді. Өткен жылдың қазан айынан бастап жүр­гізілген байқауға елімізге танымал кинорежиссерлер, музей ісінің білгірлері, кинотанушы және мәдениеттанушы мамандар қатысып, төрелік жасады. Байқаудың қорытындысы бойынша, 1-орын – «Ең үздік режиссерлік жұмыс» - Батыржан Ибрагимов,   Жақсылық Қырықбаев, Асылхан Нұрмағамбетов (500 000 теңге); 2-орын – «Үздік режиссерлік жұмыс» – Бекжан Алмас (250 000 теңге); 3-орын – «Үздік режиссерлік жұмыс» – «ALATAU production» (100 000 теңге), ал жекелеген номинациялар бойынша «Үздік операторлық жұмыс» – Ілияс Асанов және Бақтияр Сәрсенбиев (50 000 теңге); «Креативті жұмыс» – Айнұр Сағындық, Мәжи Жағи, Алпыс Нұрболат (50 000 теңге); «Үздік идея» жүлдесі Назбек Есмағұлов (50 000 теңге) еншісіне тиді. Дархан Мыңбай: «Үздіктерді анықтау төрешілер үшін де оңайға соққан жоқ. Десе де, бай­қауға қатысушы әрбір үміткер өз ең­бек­терін­де ұлттық жәдігерлерді барынша жан-жақты насихаттауға тырысқаны көрініп тұрды. Ұлттық музей режиссерлер арасындағы бай­қауды тұңғыш рет ұйымдастырып отыр. Мұн­дай жобалар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады», – дей келе жүлдегерлерді құт­­тық­тап, шығармашылық табыстар тіледі. Аталған шараға Шахаризат Сейдахмет, аға­йын­ды Жүгінісовтер қатысып, әсем әннен шашу