• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2016

Сарқан өңірінде автокеруен жүр

355 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шараның бірі Сар­қан ауданы әкімдігінің ұйым­дастыруымен өтті. Медицина, халыққа қызмет көрсету орта­лығының және мәдениет саласы қызметкерлері автокеруен­мен аталған ауданның елді мекендерінде болып, тұрғын­дардың хал-ахуалымен таныс­ты. Жолсапар Алмалы ауыл­дық емханасынан басталып, автокеруен ауыл тұрғындарына дәрігерлік қызмет көрсетіп, осы кезеңде белең алып тұрған тұмаудың алдын алуға пайдалы кеңестер берді. Авто­керуен құрамындағы халыққа қызмет көрсететін маман­дар­дың жұртшылық арасына келуі елдің тыныс-тіршілі­гін көзбен көріп, айқын сезі­нуге мүмкіндік туғызды. Кітап­ха­нашылар Тәуелсіздік ұлағатын арқау еткен кітап көрмелерін ұйымдастырып, ау­дандық Мәдениет үйінің қыз­мет­керлері патриоттық тақырыпта ән-жырдан шашу шашты. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан». Алматы облысы, Сарқан ауданы.