Қазақстан 11-12 ақпанда Мюнхенде өткен Сирияны қолдаушы халықаралық топ (СҚХТ) қатысушыларының кездесуі қорытындыларын толығымен қолдайды. Қоршаудағы аймақтарға гуманитарлық дәліздің ашылуы туралы шешімді және мемлекеттің барлық аймағындағы соғыс әрекеттерін тоқтату шарттарын бір апта ішінде анықтауды Сириядағы қақтығысты реттеудегі елеулі әрі үміттендіретін үдеріс және осы елдегі гуманитарлық апатты еңсеру жолындағы шешуші қадам ретінде қарастырамыз.
Қол жеткізілген уағдаластықтардың СҚХТ-ның барлық қатысушылары тарапынан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2254-қарары рухында дәйекті және сөзсіз жүзеге асырылуы Сириядағы қантөгістің ең жуық арада тоқтауына және елде қалыпты жағдайдың қайта орнауына ықпал ететіндігіне сенімдіміз.