• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

266 рет
көрсетілді

2016 жылғы 15 ақпан №67 Астана, Үкімет Үйі Демалыс күнін ауыстыру туралы Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау және 2016 жылғы наурыздағы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: Демалыс күні 2016 жылғы сенбі 5 наурыздан 2016 жылғы дүйсенбі 7 наурызға ауыстырылсын. Қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2016 жылғы 7 наурызда жұмыс жүргізуге құқық берілсін. Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ