• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2016

Көкшетауда белгілі жазушының 80 жылдығы атап өтілді

493 рет
көрсетілді

КӨКШЕТАУ. 16 ақпан. Көкшетауда белгілі жазушы, бұрынғы Көкшетау облыстық «Көкшетау правдасы» газетінің бас редакторы, облыстық партия комитетінің хатшысы Жанайдар Мусиннің 80 жылдығы кеңінен атап өтілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қоғам қайраткерін еске алу оның атындағы қазақ педагогикалық колледжінде басталып, үйінің қабырғасына ілінген тақта алдында жалғасты. Шахмет Құсайынов атынғы қазақ драма театрындағы «Көсем сөздің кемел жүйрігі» атты ғылыми-прктикалық конференцияны Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов ашып, өңір басшысы Сергей Кулагиннің құттықтауын жеткізді. Конференцияда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, жазушы Жабал Ерғалиев «Мәңгіліктің адамы», «Солтүстік Қазақстан» газетінің директоры Кәрібай Мұсырман «Мусин мектебінің түлектері», жазушы Төлеген Қажыбай «Ардақ тұтар азамат», Ж.Мусин атындағы колледж директоры, Білім беру ісінің үздігі Ахат Нұртас «Тұлға тұғыры», Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің доценті Аманжол Есмағұлов «Көрікті Көкше даңқын көпке жайған...» тақырыбында сөз сөйлесе, қаламгердің шәкірттері Сайлау Көшкенов, Қайырбай Төреғожа, Бақберген Амалбек естеліктерімен бөлісті. Театр залына лық толған жұртшылық Жанайдар Мусин атындағы педагогикалық колледждің оқытушысы Мәншүк Тұрлыбекқызының жазушы шығармаларына дискурстық терең зерттеу жүргізгеніне тәнті болды. Бұл бүгінгідей кітапқұмарлардың азайған кездегі көркем шығармаларды оқудың жаңа нұсқасы болып табылады. Міне, Көкше жері өз ұланының мерейлі жасын осылай дүркіретіп өткізді. Көкше десе, оның асқақ тауларымен есімі қатар аталатын Жанайдар Мусиннің де шығармашылық және қайраткерлік сипаты осылай өз оқырманымен үнемі бірге болмақ. Бірақ, абзал ағаның өзі жоқ, оның сөзі жетті бізге. Ғафу Қайырбековше айтсақ: «Жанайдар, Жанайдар!» – деп жан дауысым, Жаңғыртып тұрады ұзақ әр тау ішін. Япыр-ау, қайран сабаз қайда кеттің, Мен түгіл, жел тоқтайды, тартады ішін», деп тұрғандай. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: egemen.kz.