• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2016

Астана көшелеріне спортты насихаттайтын плакаттар ілінеді (фото)

563 рет
көрсетілді

АСТАНА. 16 ақпан. «Астана» президенттік кәсіпқой спорт клубы елорда көшелеріне белгілі қазақстандық спортшылардың суреттерімен плакаттар іледі. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты – astana.gov.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Аталған әлеуметтік жарнаманы қаланың адамдар көп жүретін жерлерінде орналасқан Astana Bike велопрокатының 110 стансасынан көруге болады. Шараның мақсаты – жанкүйерлер мен спортқа әуес жандарды біріктіру, сондай-ақ, саламатты өмір салтын насихаттау. Астаналықтардың назарына қазақстандық спортшылардың, Astana Pro Team велокомандасы, «Барыс» хоккей клубы, «Астана» футбол клубы, «Астана» баскетбол клубы өкілдерінің, Astana Arlans боксшыларының, Astana Motorsports ралли-рейдтері бойынша команда мүшелерінің суреттері ұсынылады. Еламан Қоңыр. Дерек: astana.gov.kz. Сурет: «Астана» президенттік кәсіпқой спорт клубының баспасөз қызметі.