АСТАНА. 16 ақпан. Мексикада қоршаған ортаны қорғау жөніндегі федералды прокуратура жергілікті Volkswagen автоконцерніне 168 миллион песо (шамамен 9 миллион доллар) көлемінде айыппұл салды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Федералды прокуратураның мұндай қадамға баруына компанияның автокөлік сату кезінде жіберген қателіктері себеп болған.
«Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі федералды прокуратура Volkswagen Mexico компаниясының 2016 жылы 45,49 мың көлікті экологиялық сертификатынсыз сатуына байланысты айыппұл салды», – деп құжатта көрсетілген. Бұл іс өткен жылдың желтоқсан айында анықталды.
Мексиканың Пуэбла қаласында аталған автокомпанияның ең ірі кәсіпорындарының бірі орналасқан. Бүгінде бұл мекемеде 13 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Сурет: topgearrussia.ru.