• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2016

Кіші Джордж Буш АҚШ президенттігінен үміткер інісіне қолдау білдірді

509 рет
көрсетілді

АСТАНА. 16 ақпан. Кіші Джордж Буш алғаш рет інісі Джеб Буштың сайлауалды кампаниясына қатысты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. АҚШ-тың 43-президенті кіші Джордж Буш туған бауыры – Флорида штатының бұрынғы губернаторы Джеб Буштың сайлауалды кампаниясына тікелей қатысты. Джеб Буш Республикалық партия атынан АҚШ президенттігіне үміткер ретінде ұсынылуға қол жеткізген болатын. Экс-президент Колумбия қаласында өткен сайлауалды шеруге қатысты. Бұл жерде ол «Америкалық легион» ардагерлер ұйымының мүшелерімен кездесіп, кейіннен Чарлстонда өткен митингке қатысу үшін жолға шықты. Бұрынғы мемлекет басшысының ағасын қолдап, сайлауалды кампаниясында сөйлеген сөзін оның саяси бәсекелесі, миллиардер Дональд Трамп бірден талқыға салды. Оңтүстік Каролинада журналистермен кездесу кезінде ол: «Егер экс-президент ағасының кампаниясына қатысса, оның бұрынғы қызметтерін жіті тексеруге болады деп ойлаймын. Атап айтқанда, қызметінің бұрындары назарға алынбаған тұстарын», – деді. Бұдан бұрын баспасөз мәслихаты кезінде Дональд Трамп Дүниежүзілік сауда орталығына Джордж Буш президент болып тұрған кезде теракт жасалғанын бірнеше мәрте еске салған еді. АҚШ-тың бұрынғы президенті ағасы Джебке қолдау көрсетіп, сайлауалды кампаниясында Оңтүстік Каролинада 20 ақпан күні өтетін сайлауалды шараға кем дегенде бір апта қалғанда сөз сөйлеген еді. Бұл шарада Флорида штатынан Республикалық партияның съезі кезінде таңдап алынған 50 делегаттың кімге дауыс беретіні анықталатын болады. Осы жерде республикашылдардың АҚШ президенттігіне ресми үміткерінің есімі де аталады. Бұдан бұрын, нақтырақ айтқанда, 1 ақпанда Нью-Гэмпшир штатында өткен алғашқы сайлаулар кезінде Джеб Буштың кампаниясына 90 жастағы анасы, бұрынғы президент – үлкен Джордж Буштың жұбайы Барбара да қатысқан еді. Еламан Қоңыр. Дерек: ТАСС. Сурет: Reuters.