АСТАНА. 16 ақпан. 2016 жылдың 1 қаңтарында еліміздегі халық саны 17 671 000 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінің ақпары бойынша egemen.kz тілшісі хабарлады.
Соның ішінде қалалықтар – 10066,7 мың (57%), ауылдықтар – 7604,3 мың адам (43%) болды. 2015 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 253,6 мың адамға немесе 1,46%-ға өсті.
2015 жылдың қаңтар мен желтоқсан айлары аралығында 398,6 мың сәби туды. Бұл 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,6%-ға аз. 2014 жылдың қаңтар мен желтоқсан аралығында 401,1 нәресте дүниеге келген болатын. Ал, былтыр қайтыс болған адамдар саны 131,9 мың адам болды. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 0,2%-ға аз. 2014 жылы 132,2 мың адам жүріп кетті.
Дастан Кенжалин.
Дерек: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі.
Сурет: egemen.kz